Жоба шеңберінде өнімдердің таныстырылымы мынадай іс-шаралар арқылы жүзеге асырылмақ:
«Ахмет оқулары – 2025» республикалық конференциясы мен ғылыми-өндірістік семинары
«Ахмет оқулары – 2026» республикалық конференциясы мен ғылыми-өндірістік семинары
Конференция аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ахметтану бөлімі дайындаған «Оқу құралы» басылымдарының графикалық проекциясы және «Тіл жұмсар» басылымдарының графикалық проекциясы атты екі еңбектің тұсаукесері өтті. Сондай-ақ соңғы жылдарда Ахметтану бөлімі дайындаған «ahmettanu.kz» сайты мен «Ахмет Байтұрсынұлы ішкорпусы» электронды ресурстарының таныстырылымы өтті (https://www.facebook.com/share/v/1AxvdGKefB/).