Фразеологиялық бірліктерді лексикографиялаудың нұсқаулығы - 2026 жылы дайындалады.
Бұл сөздік жасаушыларға, лексикографтарға, тіл мамандарына арналған кәсіби нұсқаулық болмақ.
Нұсқаулықтың мақсаты мен негіздемесі
Бұл нұсқаулық фразеологиялық бірліктерді (тұрақты тіркестерді) сөздіктерге, ұлттық корпусқа
және «frazeol.kz» платформасына енгізудің біртұтас стандартын белгілейді. Нұсқаулық «Қазақ тілін лингвосинергетикалық, лингвоэкологиялық, лингводидактикалық аспектіде зерттеу» жобасы (BR24993133) шеңберінде жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде әзірленді.
Негіздеме. Қазіргі сөздіктерде тұрақты тіркестерді беруде бірізділік жоқ: кейбір фразеологизмдер
бір реестрде жарыспа нұсқамен берілген, кейбірінің бейнелілігі жойылған, орфографиялық норма сақталмаған, анықтамалар типтік үлгіден ауытқыған. Осы кемшіліктерді жою нұсқаулықтың басты міндеті.