Lingua - navitas
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

«Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры»

Нәтижелерді енгізу және коммерцияландыру
Нәтижелерді енгізу мүмкіндіктері
Әлеуетті пайдаланушылар
Қолданылу салалары
Серіктестерге арналған ұсыныстар
Ынтымақтастыққа арналған байланыс мәліметтері
Нәтижелерді енгізу мүмкіндіктері

ЖТН BR24993244 «Қазақ тілі ұлттық корпусын Smart-мәтіндер мегажобасы және қазақтілді жасанды интеллект негізі ретінде жетілдіру, ішкорпустарын әзірлеу» жобасы бірнеше нысанда нәтижесін ұсынады:
Цифрлық тілдік ресурстар:
• Қазақ тілінің оқу ішкорпусы;
• Қазақ-түрік-әзербайжан-өзбек-ұйғыр-ағылшын тілдерінің параллель мәтіндер корпусы;
• Ауызша тіл және қателер ішкорпусы;
• Этномәдени және тарихи мәтіндердің белгіленген дерекқорлары.
Ғылыми және оқу-әдістемелік өнімдер:
• Қазақ-ағылшын салғастырмалы грамматикасы;
• Қазақ тілінің лексика-грамматикалық сөздігі;
• А1-А2 деңгейлеріне арналған оқу мәтіндерінің базасы;
• Тіл үйретуге арналған әдістемелік материалдар.
Ақпараттық технологиялар өнімдері:
• Қазақ тіліндегі автоматты мәтін өңдеу жүйелері;
• Аналитикалық етістіктерді автоматты тану моделі;
• Табиғи тілді өңдеуге арналған тілдік дерекқорлар;
• Қазақ тілді жасанды интеллект жүйелеріне арналған ресурстар.
Ғылыми нәтижелер:
• Ғылыми мақалалар
• Семантикалық және экстралингвистикалық белгіленімдер жүйесі;
• Тарихи-мәдени сөздер бойынша тілтанымдық бейнероликтер.
Әлеуетті пайдаланушылар

Зерттеу нәтижелері төмендегі мекемелер мен мамандар үшін практикалық және ғылыми тұрғыдан маңызды болып табылады:

·         Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары – корпустық және қолданбалы лингвистика зерттеулерін дамыту үшін.
·         Оқулық, оқу бағдарламасы және оқу-әдістемелік кешен авторлары – қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде оқытуға арналған жаңа буын оқу материалдарын әзірлеу үшін.
·         Мұғалімдер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары – тіл үйрету әдістемесін жетілдіру, оқу мәтіндерін іріктеу және тілдік дағдыларды дамыту мақсатында.
·         Мемлекеттік органдар мен тіл саясатын жүзеге асыратын мекемелер – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, тілдік саясатты ғылыми негіздеуге және тілдік ресурстарды дамытуға арналған бағдарламаларды әзірлеу үшін.
·         Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, редакторлар мен журналистер – әдеби тіл нормаларын сақтау, сөз мәдениетін жетілдіру және тілдік қателердің алдын алу мақсатында.
·         Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласының
мамандары – Қазақ тілінің ұлттық корпусын, цифрлық сөздіктерді, автоматты мәтін өңдеу жүйелерін, тілдік модельдер мен интеллектуалды ақпараттық жүйелерді әзірлеу үшін.
·         Аудармашылар мен мәдениетаралық коммуникация мамандары – көптілді мәтіндерді салыстыру, мәдени-семантикалық бірліктерді аудару және Қазақ тілінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін халықаралық деңгейде таныту үшін.
Қолданылу салалары

Білім беру және тіл оқыту саласы – қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға арналған оқу ішкорпусын, А1-А2 деңгейіндегі мәтіндер базасын, қазақ-ағылшын салғастырмалы грамматикасын және лексика-грамматикалық сөздікті жетілдіру.
Ұлттық корпус және цифрлық тіл ресурстары – Қазақ тілі ұлттық корпусының ішкорпустарын толықтыру, мәтіндерді метабелгілеу, көптілді және параллель мәтіндер базасын дамыту.
Жасанды интеллект және табиғи тілді өңдеу – қазақ тіліндегі мәтіндерді автоматты өңдеу, аналитикалық етістіктерді тану, леммалау, белгіленім қою және тілдік модельдерге қажетті дерекқор қалыптастыру.
Тіл мәдениеті және қателерді талдау – грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық қателер базасын жинақтап, олардың себептерін анықтау арқылы жазу сауаттылығын арттыру.
Этномәдени және мәдениетаралық зерттеулер – этномәдени, ескі кітаби және жарнама мәтіндеріндегі мәдени-семантикалық бірліктерді анықтау, олардың көптілді аудармасын салыстыру және ұлттық мәдени мазмұнды цифрлық ортада таныту.
Серіктестерге арналған ұсыныстар

Білім беру мекемелері үшін: Оқу ішкорпусын, А1-А2 деңгейлеріне арналған мәтіндер базасын, қазақ-ағылшын салғастырмалы грамматикасын және лексика-грамматикалық сөздікті мектеп пен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына енгізу.
Мемлекеттік органдар үшін: Қазақ тілінің ұлттық корпусы мен қателер корпусының нәтижелерін мемлекеттік тіл саясатын жетілдіруде, тілдік мониторинг пен нормативтік құжаттарды әзірлеуде пайдалану.
Бұқаралық ақпарат құралдары үшін: Тілдік дерекқорлар мен қателер базасын әдеби тіл нормаларын сақтау, редакциялық жұмыстарды жетілдіру және сөз мәдениетін арттыру мақсатында қолдану.
Ақпараттық технологиялар және цифрлық компаниялар үшін: Ұлттық корпус ресурстарын, көптілді мәтіндер базасын және табиғи тілді өңдеу модельдерін автоматты аударма жүйелерінде, іздеу сервистерінде және қазақтілді жасанды интеллект жүйелерінде пайдалану.
Ғылыми және мәдени ұйымдар үшін: Этномәдени және тарихи мәтіндердің белгіленген дерекқорларын ғылыми зерттеулерде, жобаларда және ұлттық мәдени мұраны дәріптеу жұмыстарында қолдану.
Ынтымақтастыққа арналған байланыс мәліметтері

Жобаны орындаушы ұйым:
«Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» ШЖҚ РМК
Жоба шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша осы институтқа хабарласуға болады.
Жоба нөмірі: ЖТН BR24993133, 2024–2026 жылдар аралығында іске асырылады.

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көш., 29
Телефон нөмірі: + 7 727 2 61 02 30, + 7 727 2 72 55 47

Электрондық пошта: info@tilbilimi.kz, tilbilimi@bk.ru
Made on
Tilda