Lingua - navitas
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

«Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры»

Бағдарлама туралы
Бағдарламаның өзектілігі
Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның міндеттері
Іске асыру мерзімі
Бағдарламаның өзектілігі:

Жоба нәтижесінде әзірленген параллель ішкорпус мемлекеттік тілді оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға, аударматану саласын дамытуға, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға қызмет етеді. Қазақ тілі ұлттық корпусының (ҚТҰК) жетілдірілген ауызша тіл, мәдени-репрезентативті мәтіндер және оқу ішкорпустары тіл саясатына қатысты мәселелерді шешуге; лингвистикалық зерттеулер санын ұлғайтуға, тілдік материалды өңдеу үдерісін айтарлықтай жеңілдетуге, цифрландыру үдерісін қазақ тілінде жүргізуге және лингвистикалық зерттеулердің дәйектілігі мен объективтілік дәрежесін көтеруге, мемлекеттік тілдің ғылыми-теориялық базасын нығайтуға септігін тигізеді; тілмен байланысты сала немесе салааралық зерттеулердің алғышартын әзірлеуге, қазақ этномәдени-тілдік қауымдастығы мен осы қауымдастық өкілдері және т.б. бұған дейін ғылыми нысанға алынбаған білім жүйелерін анықтауға жол ашады; қазақ тілінің ҚР-да мәдениетаралық қарым-қатынас тілі қызметін нығайтуға, республика көлемінде ғана емес, халықаралық мәдени деңгейдеимиджін арттыруға сеп болады.
Жоғарыда аталған мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көрсетілген әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын жүзеге асыру үшін зерттеу нәтижелерінің өзектілігі жоғары, себебі олар ҚР аумағында мемлекеттік және ұлттық тіл ретіндегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, сапасын арттыруға ғана емес, сонымен бірге оның Ұлыбританиядағы әлемдік мәртебесі биік Оксфорд университеті зияткерлік ортасында оқытылуына тілтанымдық база болатын корпустық ресурстарды әзірлеуге арналған. Аталған мәдени-әлеуметтік маңызды міндеттерді орындай отырып, жоба аясында қазақ тіл білімінде бұрын соңды жүргізілмеген теориялық және қолданбалы бағыттағы тың ізденістер жүзеге асырылып, жаңа теориялық және практикалық ғылыми нәтижелерге қол жеткізілмек.
Бағдарламаның мақсаты:

Smart-мәтіндердің мегажобасы және қазақ тіліндегі жасанды интеллект негіздері ретіндегі Қазақ тілі ұлттық корпусының ішкорпустарын әзірлеу және жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:

- Оксфорд университеті ағылшынтілдіинофондарына қазақ тілін оқытудың тілтанымдық базасы ретіндегі «Learner Corpus» оқу ішкорпусын жасау;
- Оксфорд университеті ағылшынтілді инофондарына қазақ тілін оқытудың лингводидактикалық базасы ретіндегі қазақ-түрік-әзербайжан-өзбек-ұйғыр-ағылшын көптілді «Parallel corpus» субкорпусын жасау;
- қазақ тілінің ауызша тіл мәтіндерінің ішкорпусын жетілдіру;
- қазақ тілінің мәдени-репрезентативті мәтіндер ішкорпусын жетілдіру;
- қазақ тілінің оқу ішкорпусын жетілдіру;
- қазақ тілі оқу ішкорпусы негізінде қателер ішкорпусының базасын әзірлеу (омонимдері ажыратылған);
- қазақ тілінің лексика-грамматикалық сөздігін әзірлеу;
- қазақ тіліндегі аналитикалық формалы етістіктер, қалып етістіктерін автоматты таныту моделін әзірлеу.

Іске асыру мерзімі:

2024-2026 жылдар
Made on
Tilda